Тарифтер мен шарттар

Kaztoll жүйесі іргелі мәселелерді шешу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында көлік инфрақұрылымының сапасын жақсарту мақсатында енгізілді:

  • - Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау;
  • - ақылы автокөлік жолдарын пайдаланушылардан төлемдерді жинаудан түскен қаражат есебінен жолдарды күтіп ұстау мен пайдалану шығындарын азайту;
  • - жолдарды күтіп ұстауды қаржыландыруда республикалық маңыздылығы бар автомобиль жолдарын пайдаланушыларының үлесін көбейту арқылы жол саласын қаржыландырудың жаңа әдістерін енгізу.

2018 жылға арналған Төлем алу жүйесінің тарифтері:

Көлік түрі Жолдардың 1категориясы Жолдардың 2 категориясы Жолдардың 3 категориясы
Жеңіл автокөліктер мен шағын автобустар 0,70 ₸/км 0,63 ₸/км -
Автобустармен 2,5 тоннағадейінгі автокөліктер 4,70 ₸/км 4,20 ₸/км -
Орташа автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүккөліктері 9,90 ₸/км 8,85 ₸/км -
Ауыр автобустар мен 10 т дейінгі жүккөліктері 14,70 ₸/км 13,15 ₸/км -
10-дан 15т дейінгі жүккөліктері 19,90 ₸/км 17,80 ₸/км 16,18 ₸/км
15т асатын жүккөліктері 24,60 ₸/км 22,00 ₸/км 20,00 ₸/км

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақылы жолда (учаскеде) қозғалысқа ақы төлеуден босатылады:

  • қызметтік міндеттерін орындау кезінде арнайы автокөлік құралдары:
    • - шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдарының;
    • - өрт сөндіру қызметінің;
    • - құтқару қызметтерінің;
    • - жол-патрульдік қызметінің;
    • - әскери техниканың;
  • қала маңындағы қатынаста жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдайтын және ақылы жолға (учаскеге) іргелес елді мекендерді: республикалық маңызы бар қалаларды, аудандық немесе облыстық орталықтары бар ауылдарды, немесе астананы байланыстыратын қатынастарда жүретін автобустар:
    • - тиісті түрде көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тіркелген ақылы жолға іргелес, сол ауданның ішінде жүретін аудандық автобустар;
    • - жүк көлік құралдары, доңғалақты өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік машиналар ең жақынжол айырықтары арасындағы бөліктерінің шеңберінде су кедергілерді және темір жолын кесіп өтуге арналған;
    • - тиісті түрде көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тіркелген ақылы жолға іргелес аудандарының, сол ауданның ішінде жүретін,жеке және заңды тұлғалардың жеңіл көліктері.